ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Краснокордон жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Краснокордонская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
с. Красный Кордон, ул. Центральная
8(71445)22-7-69
krasnokordon@altynsarinroo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Краснокордон жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Краснокордонская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Осы жылы 1-сыныпқа қабылдау үшін өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамыз 2025 жылға дейін жалғасады.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдарға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес:
9. Бастауыш білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары 6 жасқа толған және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балаларды 1-сыныпқа қабылдайды. Білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың білім алуына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, олардың дайындығына қарамастан.


9-2. Бастауыш білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына 1-сыныпқа қабылдау үшін ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Өтініш беру тәртібі
Ата-аналар немесе заңды өкілдер өтінішті 1 сәуірден 1 тамызға дейін https://egov.kz/ порталы арқылы бере алады.

Қажетті құжаттар тізімі:
Электрондық өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет:

1. Ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбасы) болуы.
2. Баланың туу туралы куәлігінің скан-көшірмесі (егер бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған болса).
3. № 065-у нысанындағы "Профилактикалық екпелер картасының" скан-көшірмесі.
4. № 052-2/у нысанындағы "Баланың денсаулық паспортының" скан-көшірмесі.
5. 3х4 см өлшеміндегі баланың цифрлық фотосуреті.
6. Педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда).

Шетел азаматтары үшін:
Бала Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұратын ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен бірге болуы тиіс. Мектепке қабылдау үшін шетел азаматтары Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беретін құжатты және тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар құжатты ұсынуы қажет.

© 2025. Все права защищены.