ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Краснокордон жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Краснокордонская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
с. Красный Кордон, ул. Центральная
8(71445)22-7-69
krasnokordon@altynsarinroo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Краснокордон жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Краснокордонская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Мектебімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымдық, жүрекке жететін үлкен іс-шара өтті. Бұл күн – тек тарихи дата емес, сонымен қатар бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, батыр ата-бабаларымыздың ерлігі мен жанқиярлығын құрметтеуге арналған ерекше мүмкіндік. Іс-шара аясында әр сынып соғыс жылдарындағы терең мағынасы бар әнге негізделген қойылым дайындап, сол дәуірдің рухын сахна арқылы жеткізді.

5-сынып оқушылары «Сон солдата» әніне дайындалған қойылымда алғы шептегі сарбаздың тыныштығы жоқ түндердегі жан күйзелісін, оралуды аңсаған сағынышын көрсете білді. Бұл ән – жауынгердің ішкі дүниесін, қорқынышы мен үмітін бейнелейтін лирикалық туынды.

6-сыныптың «Баллада о матери» әніне дайындаған көрінісі ана мен баланың арасындағы үзіліп түскен байланысты, баласының тағдырын ойлап зарыққан ананың жүрек үнін бейнеледі. Әнде ана махаббатының шексіздігі мен соғыс әкелген қайғының салмағы сезіледі.

7-сынып «Синий платочек» әнін сахналап, соғыс кезінде артта қалған жақындарының махаббаты мен үмітін жеткізді. Бұл ән – қарапайым көгілдір орамалдың бейнесі арқылы бейбіт өмір мен сағынышты символға айналдырған нәзік әрі терең туынды.

8-сынып оқушыларының «Бухенвальский набат» әніне қойған қойылымы – фашистік концлагерьлердің қорқынышты шындығы мен адамзатқа қарсы жасалған зұлымдықтың айғағы. Әннің әрбір нотасында әділетсіздікке деген үндеу мен құрбан болған жандардың жанайқайы естілгендей болды.

9-сынып «Журавли» әніне арнап дайындаған қойылымы арқылы майданнан оралмаған боздақтардың рухына тағзым етті. Аққуға айналған сарбаздар бейнесі, шексіз аспан мен үнсіз ұшып бара жатқан құстар арқылы көрерменнің жүрегін тербетіп, терең ойға жетеледі.

10-сынып оқушылары «Полюшко-поле» әніне негізделген қойылым ұсынды. Бұл ән – кең далада жүрген қызыл армия жауынгерлерінің рухы мен сенімін, туған жермен байланысын суреттейтін патриоттық туынды. Қойылым арқылы оқушылар жауынгердің жүрегіндегі ерлік, тәртіп пен туған жерге деген шексіз махаббатты жеткізді.

11-сынып оқушылары «В землянке» әніне әсерлі қойылым дайындады. Бұл ән сарбаздың суық окопта отырып, алыстағы сүйіктісін еске алып, соғыс жағдайында да махаббат пен үміт отын сақтап қалуға тырысуын суреттейді. Жүректен шыққан бұл қойылым көрермендердің жанын тебірентті.

Әр сыныптың қойылымы – тарихқа тағзым, бейбіт өмірге деген алғыс пен соғыс жылдарындағы адам тағдырын сезінудің көркем жолы болды. Бұл іс-шара тек көркем өнер емес, рухани сабақ болды.

Барлық қойылымдарды YouTube арнамыздан көре аласыздар.

 

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

direktor new

Сәлеметсіздер ме, құрметті Краснокордон жалпы білім беру мектебінің сайтына кірушілер!

Біздің мектеп қызметінің негізі-бұл болашаққа сенімді көзқарасы бар балаларды тәрбиелеу және оқыту. Біздің мектепте балаларға одан әрі даму үшін қажетті жақсы және берік білім бере алатын тату, білікті педагогикалық ұжым жұмыс істейді. Біздің мұғалімдер жыл сайын аудандық және облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстарға қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанады. Мектеп оқуда, спортта және шығармашылықта жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларын мақтан тұтады оқушылардың бос уақыты да назардан тыс қалмайды. 

                                                                                                                                                                                              Құрметпен, мектеп басшысы Умирбаева Роза Абдыкалыққызы

© 2025. Все права защищены.