|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Краснокордон жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Краснокордонская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
2
Қазан
2024
|
30 қыркүйек күні Краснокордон жалпы орта мектебінде Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Бұл іс-шара ауданымыздағы бірнеше мектептің пікірсайысшы оқушыларын жинап, олардың шешендік өнерін, логикалық ойлау қабілеттерін және өз көзқарастарын дәлелдей білу шеберліктерін сынауға мүмкіндік берді. Турнир білім алушылардың тек білімін ғана емес, олардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған ерекше алаңға айналды.
Жарысқа қатысқан командалар өздерінің жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсете отырып, өзекті тақырыптарды қызу талқылады.





